Абай облысына 4,4 трлн теңге инвестиция тартылмақ: Тоқаев Берік Уәлиге нақты тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«ҚазАвтоЖолдың» құр уәдесінен халық мезі болды: Осакаровтағы шұрық-тесік жол кімнің соры?

«ҚазАвтоЖолдың» құр уәдесінен халық мезі болды: Осакаровтағы шұрық-тесік жол кімнің соры?
Фото: ЖИ

Астана мен Қарағанды арасындағы күре жолдың сиқы жұрттың көңіліне кірбің ұялатып, бармақ тістер» басты мәселеге айналды. Әсіресе, Осакаров ауданы тұсындағы тас жолдың жағдайы бүгінде ит арқасы қиянға кеткендей, иен қалған соқпақты елестетеді. Жол үстіндегі шұрқ-тесік шұңқырлар жүргізушілердің жүрегін тас төбесіне шығарып, көлігін де, жанын да шүберекке түйіп жүруге мәжбүрлеп отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

«Жол азабы — көр азабы» дегенді бағзыдан білетін халық бұл күндері атқарушы биліктің, соның ішінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының уәдесінен әбден мезі болды. Күнделікті мыңдаған көлік тоғысқан бұл артериядағы келеңсіздікке байланысты жауапты мекемеге хабарласқан бұқараға қайтарылатын жауап біреу-ақ: «Жасаймыз, жоспарда бар». Бірақ бұл құрғақ қасық ауыз жыртар дегеннің нақ өзі, айтылған сөз аяқсыз қалып, уәде үйіп-төгумен ғана шектелетін бос сөз болып шықты.

Тұрғындар мен жүргізушілердің ашу-ызасының шегіне жеткені сондай, олар енді «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, бұл мәселені тікелей Мемлекет басшысының алдына жаюға бекініп отыр. Өйткені «ҚазАвтоЖолдың» бұл әрекеті немқұрайлылық пен жауапсыздықтың айқын көрінісі. Ал статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, бұл тек бір ауданның ғана емес, тұтас елдің бас ауруы екенін көреміз. Ресми деректер бойынша Қазақстандағы республикалық маңызы бар жолдардың сапасы жыл сайын сын көтермей келеді. Ал жол-көлік оқиғаларының 15-20%-ы тікелей инфрақұрылымның нашарлығынан, дәл осындай тесік-шұңқырлардан орын алады. Салдарынан жыл сайын қаншама отандасымыз айдалаға ала қашқан апаттардан зардап шегіп, темір тұлпарлары күл-талқан болып қирайды.

 Экономика және инфрақұрылым мамандары «ҚазАвтоЖолдың» жыл сайын миллиардтаған теңге бюджетті құмға сіңген судай жоқ қылатынын, бірақ атқарылған жұмыстың сапасы төмен екенін айтып, дабыл қағуда. Заң тұрғысынан келгенде де, бұл — мемлекеттік мекеменің өз міндетіне атүсті қарауы. Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, жол басқарушы оператор жолдардың қауіпсіздігін және уақтылы жөнделуін қамтамасыз етуге тікелей міндетті. Ал бұл міндетті орындамау — азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін апаратын заң бұзушылық.

Халықтың арқасына аяздай батқан бұл мәселе жабулы қазан жабулы күйінде қала бермеуі тиіс, себебі халық — мемлекеттің иесі. Егер «жол азабын» шеккен бұқараның үніне «ҚазАвтоЖол» құлақ аспаса, Ақордаға хат жазып, Президенттің тікелей араласуын талап етуден басқа амал қалмайды. Тек уәдемен қарны тоймайтын жұрт нақты іс пен сапалы жолды талап етеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.