Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қазақтың сахнасы, Асекеңсіз қалған қырық күн өтті" – Ақұштап Бақтыгереева

"Қазақтың сахнасы, Асекеңсіз қалған қырық күн өтті" – Ақұштап Бақтыгереева
ашық дереккөзден

Қымбатты қалайық! Қырық күн өте шықты зуылдап. Бағдаттың көз жасы жастығын жуған қырық күн . Қазақтың сахнасы, Асекеңсіз қалған қырық күн. Иә, қайда жүрсе өзінің талантымен, қайда келсе өзінің келбетімен ортаның сәнін келтірген Асекең. Сахна жастары жаутаңдап қалды. Кей жиынның ол отыратын төрі босап қалды. Әрине, орны толмайды. Иә, ол өзінің ерекше талантымен өнер тарихында қазақтың есімін өшпестей жазғаны рас. Жоғалмайтын есім. Біз оған шүкіршілік жасап, тәубә дейміз. Басқа шарамыз жоқ.Бірақ, бүгін бізге әлі де тоқсанын толтырып тойласа деген тілегіміз орындалуы керек еді. Асанәлі Әшімов өте қажет еді.Кім көрінген қажы болып, шала-молда әулие болып, кім болса сол ақыл үйретіп жататын ортаға кім болса «Әй, қойсаңдаршы» дейтін бір дауыс керек еді. Ол Асанәлі Әшімовтің дауысы болу керек еді. Иә, бізге сол қырық күн болып жетпеді. Ұлт тарихинан, кино тарихынан, сахна тарихынан Асанәлі Әшімовтың есімін ешкім сынға алмайды. Біз оған тәубә деп жұғынамыз. Осындай талант берген қазақ деген халық тағы да жас таланттарының сахнасына шығаратынына сенеміз. Өйткені, бір ұлының ізін екінші ұлы басуы керек қазақ ұлтында. Айтар тілек көп. Бірақ, уақыт көтермейді. Естеліктер жазылады, әңгімелер айтылады. Өзіде жазып кеткен. Құран да оқылады, бет сипап үйге көтеріледі. Біреулер ұмытады. Біреулер әлі де еске алады. Баталов деген бауырым «Қазақфильмді» салған екен. Қонаевтың қолынан, Асанәлінің қолынан ұстаған екен. Асекеңнің орындалмай қалған бір арманы: «Асанәлі театры», «Жастар театры» ол салынған жоқ. Ендеше, сол жастар ойнайтын, Асанәлінің жолын қуатын жастарды өмірге әкелетін «Асанәлі театрына» қол ұшын беріңдер азаматтар!

Ақұштап Бақтыгереева

 

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер