KZNEWS.KZ
Спорт

Қазақтың сары баласы Шотландия футболының күмісін еншіледі

• Асқар Алтайұлы
Фото: "Хартс" әлеуметтік желісінен алынды

Шотландия футбол біріншілігінде "Хартстың" құрамында өнер көрсетіп жүрген қазақтың сары баласы Ислам Чесноков күміс жүлдені мойнына тақты, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін футболшылар арасынан бірде бір отандасымыз Еуропада мұндай жетістікке жетпеген. Шотландия чемпионатының соңғы турында "Хартс" қонақта азулы "Сельтикпен" чемпиондыққа таласты. Тартысты бәсеке 3:1 есебімен глазголықтардың есебіне шешілді. Осылай "Селтик" Шотландия чемпионы болса, "Хартс" күміс медальге қол жеткізді.

Екінші орыннан көрінген Ислам Чесноков клубы келесі маусымда Чемпиондар Лигасында бақ сынайды.

Айта кетейік, Ислам Чесноков Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі ойыншыларының бірі. Ол Шотландия чемпионатына қостанайлық "Тобылдың" сапынан ауысты.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →