Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақтың белгілі академик-ғалымы дүниеден озды

Қазақтың белгілі академик-ғалымы дүниеден озды

Қазақстан ғылымы тағы бір көрнекті тұлғасынан айырылды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик, белгілі физик-ғалым Қайрат Қадыржанов 81 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаралы хабарды Халықаралық Дінмұхаммед Қонаев қорының баспасөз қызметі ресми түрде растады. Қор ұжымы академиктің дүниеден озуын ел ғылымы үшін орны толмас ауыр қаза деп бағалап, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтты.

Мәлімдемеде Қайрат Қадыржановтың ғылымға сіңірген елеулі еңбегі, Отан алдындағы адал қызметі мен биік адамгершілік қасиеттері әрдайым ел жадында сақталатыны атап өтілді.

Қайрат Камалұлы Қадыржанов 1945 жылдың 5 желтоқсанында Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол бүкіл саналы ғұмырын ғылымға арнап, физика-математика саласының дамуына зор үлес қосты. Ғалым профессор ғылыми дәрежесіне ие болып, Қазақстандағы радиациялық физика, ядролық технологиялар және радиациялық экология бағыттарының жетекші мамандарының бірі ретінде кеңінен танылды.

Ол көптеген ғылыми еңбектің авторы атанып, еліміздің ғылыми әлеуетін нығайтуға, жас зерттеушілерді тәрбиелеуге және отандық ғылымның халықаралық деңгейде танылуына айрықша еңбек сіңірді. Ғылыми қызметі үшін мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі бірқатар марапаттарға ие болды.

Ғалымның өмірден өтуі ғылыми қауымдастық үшін ғана емес, Қазақстанның ғылым-білім саласы үшін де ауыр қайғы болды. Әріптестері мен шәкірттері оның кәсібилігі мен ғылымға деген адалдығын әрдайым құрметпен еске алатынын айтып, марқұмның жарқын бейнесі ел есінде мәңгі сақталатынын жеткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.