Танымал математик, ғалым, академик Асқар Жұмаділдаев жұлдызды отбасылардың ажырасуы мен жеке өмірге қатысты даулы тақырыптардың қоғамда шамадан тыс талқылануына қатысты ойын білдірді. Ол бұл жөнінде отандық журналистерге берген сұхбаттарының бірінде айтқан, деп хабарлайды kznews.kz.
Ғалымның айтуынша, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде қазақ қоғамында өзге маңызды мәселе жоқтай әсер қалдырады.
"Интернетті қарасаң қазақтың басқа жұмысы жоқ сияқты. Біреу-біреумен ажырасып кетіпті, біреу біреумен ойнастық қылып қойыпты. Сондай бір болмайтын әңгіме ғой бәрі. Мен білмеймін, оқымаймын. Бірақ одан құтыла алмайсың. Ашып қалсаң, тарақан сияқты алдыңнан шыға береді. Қашып құтыла алмайсың, бірақ байқап қарасаңыз, қазақта басқа проблема жоқ сияқты. Мен білетін пәлсафа мынадай – ораза, намаз тоқтықта дейді. Сен ең алдымен қашап, гайканы бұрап үйрен. Содан кейін пәлсафа шығады өзінен өзі. Жатпай, тұрмай жұртқа ақыл айтудың керегі жоқ", – деді Асқар Жұмаділдаев.