Сұлтанғазиевті Әрінов алмастыруы мүмкін...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақтелеком» Петропавл қаласында талшықты-оптикалық желіні кеңейтуде

«Қазақтелеком» Петропавл қаласында талшықты-оптикалық желіні кеңейтуде

«Қазақтелеком» АҚ Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын жоғары жылдамдықты интернет және заманауи цифрлық сервистермен қамтамасыз ете отырып, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуда.

Петропавл қаласындағы «Солнечный-2» ықшам ауданында талшықты-оптикалық желіні төсеу аяқталды. Нәтижесінде 200 жер үй жоғары жылдамдықты интернетке қосыла алатын болды. Бүгінде 100-ге жуық отбасы жылдамдығы 500 Мбит/с жететін интернет, цифрлық телевизия мен ұялы байланыстың қызығын көріп отыр.

Желіні дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылдың соңына дейін Петропавл қаласында тағы үш нысан бой көтермек, соның нәтижесінде жаңа тұрғын үйлердегі 276 пәтерді талшықты-оптикалық желіге қосуға мүмкіндік туады.

2026 жылдың басынан бері Петропавл қаласында 395 үй шаруашылығы желіге қосылды. Тұрғындар арасында ең танымал тариф – Bereket, жаңадан қосылған абоненттердің үштен бір бөлігі осы пакетті пайдалануда.

«Міндетіміз – тұрғындарды заманауи байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету ғана емес, бүгінгі және келешектегі қажеттіліктерге жауап бере алатын сенімді цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру. Біз өңірде барынша көп тұрғындардың сапалы интернетке қол жеткізуі үшін талшықты-оптикалық желіні кезең-кезеңімен кеңейтіп келеміз», – деді Бөлшек бизнес дивизионы Солтүстік өңірінің коммерциялық қызмет жөніндегі өңірлік директоры Алена Ляпунова.

Жаңа мүмкіндіктерге тұрғындар да оң бағаларын беруде.

«Қосылғаннан кейін интернет сапасы едәуір жақсарды. Барлық құрылғылар тұрақты жұмыс істейді, жылдамдығы жоғары, ал қосылу процесі тез әрі оңай жүріп жатыр. Енді бүкіл отбасымызбен цифрлық сервистерді ешқандай шектеусіз бір мезетте пайдаланып жатырмыз», – деп бөлісті Носовтар отбасы.

Талшықты-оптикалық желіні дамыту «Қазақтелеком» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі. Компания Қазақстанның қала және ауыл тұрғындарының заманауи цифрлық қызметтер мен сенімді байланысқа қол жеткізу аумағын кеңейту мақсатында желіні одан әрі дамыта бермек.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан