Сұлтанғазиевті Әрінов алмастыруы мүмкін...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақтелеком» отандық өндірушілерден тауар сатып алу көлемін арттыруда

«Қазақтелеком» отандық өндірушілерден тауар сатып алу көлемін арттыруда
фото: Қазақтелеком

«Қазақтелеком» АҚ қазақстандық өндірісте шығарылатын тауарларды сатып алу көлемін арттырып келеді. 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын өнімдердің үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,75%-ға өскен. Компания жыл соңына дейін бұл оң динамиканы сақтаймыз деп отыр. Отандық өндірушілерді қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі – офтейк-келісімшарттар. 2025 жылы «Қазақтелеком» осындай 19 келісімшарт жасасты.

Отандық бизнестің компанияның сатып алу рәсімдеріне қатысу аясын кеңейту мәселелері 25 тамызда «Қазақтелекомның» қолданыстағы және әлеуетті жеткізушілермен өткізген дөңгелек үстелінде талқыланды. Онлайн форматта өткен кездесуге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтар мен қоғам өкілдері қатысты.

«Қазақтелекомның» Бас әкімшілік директоры Ержан Мейрамов компания үшін сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және жеткізушілермен серіктестік қатынастарды дамыту басты басымдықтардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Мұндай кездесулер сатып алу үдерістерінде ашықтық пен адал бәсекелестік қағидаттарын ұстанатынымызды, сондай-ақ кәсібилікке, өзара құрметке және барлық қатысушыға тең мүмкіндік беруге негізделген сындарлы диалогты қолдайтынымызды көрсетеді», – деді Ержан Мейрамов.

Компания бағдарламалық-аппараттық кешендер, талшықты-оптикалық жүйелерге арналған жабдықтар, кабель өнімдері, платалар, отын, аккумуляторлар мен қабылдағыштар сияқты тауарларды сатып алады. «Қазақтелеком» осы бағыттар бойынша отандық өндіріс өнімдерінің үлесін арттыруды, сондай-ақ басқа да тауар санаттары бойынша қазақстандық жеткізушілермен ынтымақтастық аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Отандық өндірушілерді қолдаудың тиімді құралдарының бірі – өнімді өткізуге кепілдік беретін офтейк-келісімшарттар. 2025 жылы «Қазақтелеком» ҚҚС-сыз 2,3 млрд теңгеден астам сомаға 19 офтейк-келісімшарт жасасты.

«Офтейк-келісімшарттар – жаңа отандық өндірістерді қолдаудың тиімді тетігі. 2026 жылы жергіліктендірілген тауарлар қатарын кеңейту және қазақстандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттар жасасу бағытындағы жұмысты жалғастырып жатырмыз», – деді «Телеком Жинақтау» дирекциясының Бас директоры – сатып алу жөніндегі директоры Мұрат Сәрсекеев.

Оның айтуынша, компания сатып алынатын отандық өндіріс тауарларының үлесіне байланысты жаңа тиімділік көрсеткішін (KPI) енгізіп жатыр. Бұл қазақстандық өндірушілердің компанияның сатып алу рәсімдеріне қатысуын кеңейтуге қосымша ынталандыру болады деп күтілуде.

«Алға қойған мақсаттарға өзара сенімге, серіктестікке және жаңа шешімдерді енгізуге ұмтылысқа негізделген бірлескен жұмыс арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Отандық өндірушілермен және жеткізушілермен ашық диалог орнату ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Сәрсекеев.

Дөңгелек үстел «сұрақ-жауап» форматында өтті. Жеткізушілер өз сауалдары мен ұсыныстарын алдын ала жолдап, олар кездесудің негізгі талқылау тақырыптарына арқау болды.

«Қазақтелекомның» мәліметінше, мұндай кездесулер нарықтың пікірін ескеруге, жеткізушілерге сатып алу рәсімдерінің ерекшеліктерін түсіндіруге және ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін анықтауға жол ашады.

Компания бұдан бөлек онлайн-конференциялар мен салалық кездесулер өткізіп, өндірістік кәсіпорындарға баруды ұйымдастырады, бейінді жұмыс топтарын құрады және өндірушілер бірлестіктерімен меморандумдар жасасады.

Компанияның сатып алу қызметін орталықтандырылған түрде 1998 жылдан бері «Қазақтелекомның» бірыңғай жабдықтау орталығы ретінде жұмыс істеп келе жатқан «Телеком Жинақтау» дирекциясы жүзеге асырады. 2025 жылы дирекция 1800-ден астам жеткізушімен, оның ішінде 500-ге жуық ірі компаниямен ынтымақтастық орнатты. 2026 жылы белсенді жеткізушілер саны 1200-ден асты және бұл көрсеткіш өсіп келеді.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан