Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақтелеком» акциялары бір күнде 31%-ға құлдырады

«Қазақтелеком» акциялары бір күнде 31%-ға құлдырады
vlast.kz

«Қазақтелеком» АҚ акцияларының құны бір күн ішінде 58,4 мың теңгеден 39,9 мың теңгеге дейін төмендеп, бұл 31%-дық күрт құлдырауға әкелді, деп хабарлайды kznews.kz сайты "Орда" порталына сілтеме жасап.

QAMS Telegram-арнасында айтылғандай, Қазақстан қор биржасында (KASE) жүргізілген сауда-саттық көлемі шамамен 423,6 млн теңгені құраған. Сауда KASE тарапынан тоқтатылды. Бұл шешім акциялар 39,9 мың теңге бағасымен өткен соң қабылданған. Соңғы ресми мәміле құны 41,2 мың теңге болған.

Сауданың нақты қашан қайта жанданатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, 16 мамырда «Қазақтелеком» 2024 жылға 74,1 млрд теңге көлемінде рекордтық дивиденд төлеуді және өткен жылдардағы 219,2 млрд теңге мөлшеріндегі бөлінбеген пайданы тарату туралы мәлімдеген болатын. Осыдан кейін компания акцияларының бағасы өскен еді.

Алайда ұлттық оператор дивиденд алуға құқылы акционерлер тізімін бекіткен соң, акциялардың нарықтық бағасы күрт төмендеді.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан