2017 жылы Қазақстанда білікті кадрларды еліміздің оңтүстігінен солтүстігіне көшіру бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бағдарлама солтүстік өңірдегі миграциялық дағдарыс мәселесін шешуге және солтүстік халқын қазақыландыруға бағыттала отырып, оңтүстік өңірлердегі тұрғындардың шамадан тыс болуына байланысты жұмыссыздық мәселесін шешеді деп жоспарланған. Бұл жобаны іске асыру үшін қазынадан 85 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы «Корпоративтік секторда әйелдердің мүмкіндігін кеңейту» атты халықаралық форумда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеген болатын.
Солтүстікке қоныс аударатын тұрғындар Алматы облысы мен қаласы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларынан болуы тиіс. Өйткені бұл аймақтарда соңғы 10 жылда халық санының жылдық өсімі 2%-ға өсіп отырады, тығыздығы 1 шаршы шақырымға 6,4 адамнан. Білікті кадрлар Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына көшеді.
Қоныс аударушыларға қандай артықшылық беріледі?
- Дипломы бар жанға жұмыс тауып береді. Құжаттары қабылданған соң, субсидияға өткізеді.
- Екі түрлі субсидия беріледі. Біреуі – көшіп келгені үшін әр адамға табысталатын жәрдемақы. Алғашында 35 АЕК берілетін еді, кейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 70 АЕК-ке (194 460 теңге) өсірді.
- Екінші – бір жылға төлейтін пәтерақысы. Ауылды жерде бір адамға 454 500 теңге, екі адамнан төрт адамға дейін 554 500 теңге. Қалалы жерде бұдан көптеу болады.
Қырмызы СКЕНДИРОВА
Kznews.kz ақпараттық порталы