Шоу-бизнес

Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында қатты қар жауады

KZNEWS KZNEWS
Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында қатты қар жауады

Одан бөлек кей өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК 21-ақпанға арналған ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан аумағы бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, соған байланысты жауын-шашын, күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысында орналасқан таулы аумақтарында - қатты қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі.

Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с,

Шығыс-Қазақстан облысында күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с.

Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күшейуі 15-20, күндіз Солтүстік-Қазақстан облысында екпіні 25 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, желдің күшейуі 15-20 м/с күтіледі.

Манғыстау, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде – тұман.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz