Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

"Қазгидромет" РМК бірнеше өңірде дабылды ескерту жариялады

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері бірқатар өңірде бұрқасындатып, қатты жел соғады, көктайғақ болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазгидрометтің" ақпаратынша, Астанада 5-7 наурыз күндері оқта-текте бұрқасындатып, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

5 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде – бұрқасын, тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23 м/с дейін барады.

6-7 наурызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, ал 7 наурызда Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с дейін жетеді. Сонымен қатар, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады.

Тағы оқыңыз: "Күн суытады" Наурыз айындағы ауа райына болжам


sputniknews.kz
Автор
Санжар