ка

Қазақстанның батысында "Амал" мерекесі тойланып жатыр  

14.03.2019 10:17
0
2

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақ бұл күні арадағы барлық өкпе-ренішті ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Бүгін еліміздің батыс өңірінде "Амал" мерекесі тойланады. Бұл күні халық қыстан аман-есен шыққанына шүкір етіп, бір-бірімен көріседі.  

Көрісудің өз тәртібі бар. Үлкен адамдар, халқымызда қадірлі адам саналатын құдалар бір-біріне қарсы тұрып, алдымен оң жағына, содан кейін сол жағына құшақтарын айқастырады. Жасы кішілер үлкен адамдардың қолын алып амандасады.

Таң атысымен жасы кіші адам жасы үлкен ағайын-тумаларға, сондай-ақ көршілерге барып "Бір жасыңызбен!" деп көрісіп, жаңа жылға аман-есен аяқ басуымен құттықтайды. Бұл күні арадағы барлық өкпе-реніш кешіріліп, амандық-саулық тілеседі.

Үй иелері алдын ала үйді,оның айналасын жинастырады. Дастарқан жайылып, оның үсті сүт тағамдары мен бауырсақ, қыстан арнайы  сақталған қазы-қарта, шұжыққа толады.

Көрісу күнінің тарихы туралы  халық арасында әртүрлі болжам, әртүрлі пікір бар. Қатынайтын көлік құралы ат пен арба болған заманда алды 3 ай, арты алты ай қыста бір-бірінен байланыс үзген ана жұрт пен мына жұрт қар еріп, күн жылынғанда қайта қауышып, көріседі екен, ол күн Наурыз айының ортасына тұспа-тұс келген, сол дәстүрден осы Амал мерекесі пайда болды деген болжам бар.   


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий