KZNews.kz
Әлеумет

Қазақстанның 71% мұғалімі өз жалақысына көңілі толады

Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

Қазақстан мұғалімдердің жалақысына қанағаттану деңгейі бойынша әлемдегі үздік бестікке енді, деп хабарлайды kznews.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің алқа отырысында TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің нәтижелері таныстырылды. Зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан педагогтердің жалақысына қанағаттану деңгейі жағынан әлемнің үздік 5 елі қатарына кірді.

2018 жылы мұғалімдердің небәрі 39%-ы жалақысына көңілі толатынын айтса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 71%-ға дейін өскен. Сонымен қатар, педагогтердің 95%-ы өз мамандығына және атқарып жүрген жұмысына қанағаттанатынын мәлімдеген.

Қабылданған шаралар – «Педагог мәртебесі туралы» заң, оқу жүктемесін қысқарту, еңбек демалысын ұзарту және жалақыны арттыру – әкімшілік қысымды азайтып, ұстаз мамандығының беделін көтеруге ықпал етті.

Сондай-ақ, магистр дәрежесі бар мұғалімдердің үлесі соңғы жылдары үш есеге артты.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →