2018 жылғы 24 желтоқсан 06:24 172
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 24 желтоқсан күні метеорологиялық жағдай еліміздің бес қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған қалаларында ауа сапасының нашарлайтыны күтіледі. Ал Қарағанды қаласында жағымсыз метеожағдайлар сақталады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.