KZNEWS.KZ
Әлем

Қазақстанға терроризмге күдікті төрт адам жеткізілді

• Асқар Алтайұлы
Видеодан скрин алынды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге күдікті төрт адамдарды елге қайтарды, деп хабарлайды kznews.kz.

Арнайы операция шетелдік арнайы қызмет органдарымен бірлесіп жүргізілген. ҰҚК мәліметінше, 7 және 12 мамыр күндері Қазақстанға террористік қылмыстар жасады деген күдікке ілінген төрт адам жеткізілді.

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы шетелде бой тасалап жүрген. Олар ҰҚК-нің сұрауы негізінде ұсталған.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →