Мәжіліс "Елбасы" орденін сақтап қалды: мемлекеттің наградалық саясатында не өзгерді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтарға енді жарты жылға дейін ақылы демалыс алу мүмкіндігі беріледі

Қазақстандықтарға енді жарты жылға дейін ақылы демалыс алу мүмкіндігі беріледі
© Photo

Қазақстанда қызметкерге жалақысы мен жұмыс орны сақталатын ұзақ мерзімді демалыс алудың қосымша мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал. Осыған байланысты Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Бүгін Сенатта «Еңбек заңнамасын жетілдіру туралы» заң жобасы қаралды.

Заңдағы негізгі жаңалықтардың бірі – жұмысты оқу немесе ғылыми қызметпен қатар алып жүретін қызметкерлерге алты айға дейін оқу демалысын беру құқығын енгізу.

Қазіргі таңда оқу демалысы негізінен емтихан тапсыру, диплом жұмысына дайындалу немесе зертханалық тапсырмаларды орындау сияқты оқу үдерісіне қатысты жағдайларда беріледі. Енді заңнамада оның қолданылу аясын кеңейтіп, келесі жағдайларда да беру ұсынылып отыр:

әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту;

диссертация жазу және оны қорғау;

ғылыми зерттеулер жүргізу;

өзге де ғылыми жұмыстармен айналысу.

Сонымен қатар, оқу демалысының ұзақтығына шектеу қойылады — ол ең көбі алты айға дейін ғана беріледі.

«Халықаралық “Болашақ” стипендиясы аясында шетелде оқу және тағылымдамадан өту жағдайлары бұған кірмейді. Тараптардың келісімімен оқу демалысы бөліп-бөліп берілуі мүмкін», - делінген құжатта.

Ең маңызды өзгеріс — оқу демалысы кезінде қызметкердің жұмыс орны, лауазымы және орташа жалақысы сақталуы тиіс. Бұған дейін мұндай кепілдіктер заңда нақты бекітілмей, көбіне жұмыс берушінің шешіміне немесе ішкі келісімшарт талаптарына байланысты болып келген.

Ал «Болашақ» бағдарламасына қатысушылар үшін бөлек тәртіп қарастырылған: олардың жұмыс орны сақталады, бірақ шетелде оқу немесе тағылымдамадан өту кезеңіндегі жалақы төлеу мәселесі жұмыс берушінің еркінде қалады.

«Іс жүзінде жұмыс пен ғылыми зерттеулер арасындағы тепе-теңдікті сақтау, әсіресе қарқынды академиялық қызмет кезеңдерінде, айтарлықтай қиын болуы мүмкін», - делінген түзетулердің негіздемесінде.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі