KZNEWS.KZ
Қоғам

Қазақстандықтарға басқа өңірге қоныс аударғаны үшін 7 млн теңгеге дейін төленеді

• Айжан Сыланова
Фото: Ulysmedia

Қазақстанда кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуға ниетті азаматтарға мемлекеттік қолдау күшейтілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бағдарламаға қатысушылар тұрғын үй сертификаты ретінде 7 миллион теңгеге дейін қаржылай көмек ала алады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарлама аясында азаматтарға тұрғын үй сертификатынан бөлек, көшу шығындары өтеледі, тұрғын үйді жалдау ақысы мен коммуналдық қызметтерге өтемақы беріледі. Сондай-ақ жаңа өңірде жұмысқа орналасуға жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Министрліктің хабарлауынша, бағдарламаға тек жұмыссыз азаматтар ғана емес, сұранысқа ие мамандар мен шаруа қожалықтарының басшылары да қатыса алады.

Ресми мәліметке сәйкес, 2017 жылдан бері аталған бағдарламаға 73,9 мың адам қатысқан. Олардың 31 мыңнан астамы қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқан.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →