ка

қазақстандықтарға баспана сатып алу үшін 110 миллион доллар берілді 

11.12.2018 09:58
0
4

Мемлекеттік бағдарлама бойынша қарыз алу үшін 5,2 мыңнан астам қазақстандық өтініш берді.

"7-20-25" бағдарламасы басталғалы бері жарты жылдай уақыт ішінде бес мыңнан астам өтініш қабылданған деп жазады sputniknews.kz.

"10 желтоқсандағы ахуал бойынша 62,1 миллиард теңге немесе 167,9 миллион доллар қарыз алу үшін 5 298 өтініш түсті. Олардың ішінде 40,7 миллиард теңгеге немесе 110 миллион долларға 3 391 өтініш қанағаттандырылды", — деп хабарлайды Ұлттық банк.

Бағдарлама операторы Ұлттық банктің еншілес компаниясы — "Баспана" ипотекалық ұйымы" АҚ әр он күн сайын аралық қорытынды шығарып отырады.

Алғашқы жеті қарыз 4 шілдеде Алматы, Астана, Ақтау, Орал және Өскемен қалаларында берілді.

"7-20-25" бағдарламасының шарттары қандай?

"7-20-25" жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша қарыз беру 4 шілдеден басталды. Бағдарлама шарттары: сыйақы мөлшерлемесі — 7%, жарна — 20%, несиені өтеу мерзімі — 25 жыл.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий