Қазақстандықтарға төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлем жайлы SMS хабарлама келуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сізге төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік төлем 03.16.2020 бастап 04.15.2020 қоса алғанда 42 500 сомада тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 60 мың адамға жеңілдіктерді автоматты есептеу туралы SMS-хабарлама жіберілгенін айтқан болатын. Сондай-ақ, 280 мың азаматқа әлеуметтік көмек жіберілетін жауап SMS-те есептік жазбаның нөмірін жіберуді сұрайтын хабарлама түседі.
"Жалпы алғанда, миллионнан астам қазақстандықтар жәрдемақыны белсенді түрде алады, яғни ешқандай өтініш берусіз алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта біз egov.kz порталында қоңырау қызметін жаңартамыз және сіз SMS-пароль арқылы ЭЦҚсыз өтініш бере аласыз", - деп қосты Жұмағалиев.
stan.kz