KZNews.kz
Қоғам

Қазақстандықтар "тіс емдету" үшін зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге шешкен

Torgyn Abushakhman

Қазақстандықтардың “тіс емдетеміз” деген желеумен зейнетақы қорынан алған қаражаты 200 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері азаматтардың жинақтағы ақшаны уақытынан бұрын шешіп алу үшін ақылға сыймайтын әрекеттерге баратынын айтады. 

Тіс емханалары осы секілді алуан түрлі жолмен зейнетақы қоры есебінен 91 миллиард теңге пайда тапқан. Алайда салық органдарына соның бір пайызға да жетпейтін мөлшерін төлепті. Қазір құзырлы органдар барлық деректерді егжей-тегжейлі тексеріп жатыр.

Бұған дейін қазақстандықтардың зейнетақы жинағына тіс емдетіп, көзіне лазерлік түзету жасай алатыны туралы жазған едік.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары