KZNews.kz
Басты тақырып

Қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесінде көшеге көк туды ұстап шықты (фото, видео)

KZNEWS
Қазақстанның барлық қаласының тұрғындары «Менің туым – менің Отаным» акциясына қатысып жатыр, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі. Тәуелсіздік күнінің құрметіне өңір тұрғындары ҚР көк туын үйіне, балконға іліп жатыр. «Менің туым – менің Отаным» акциясы қазақстандықтардың еліне деген сүйіспеншілігін көрсетуге мүмкіндік берді. Акцияға волонтерлер, жас мемлекеттік қызметкерлер және белсенді азаматтар қатысып жатыр. Акция қатысушылары осылайша мемлекеттік рәміздердің әрбір қазақстандық үшін қымбат екенін көрсетті.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары