Reuters: Иранның Жоғарғы басшысы Әли Хаменей қаза тапты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтар Ираннан төрт ел арқылы шығарылады – Төтенше жоспар іске қосылды

Қазақстандықтар Ираннан төрт ел арқылы шығарылады – Төтенше жоспар іске қосылды
depositphotos.com

Иран әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты ол жақта жүрген қазақстандықтарға дипломатиялық өкілдіктермен шұғыл байланысқа шығу ұсынылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазір қазақстандықтарды Ираннан құрлық арқылы шығару мәселесі пысықталып жатыр. Эвакуация төрт бағыт бойынша қарастырылуда:

  • Иран – Әзербайжан
  • Иран – Армения
  • Иран – Түркия
  • Иран – Түрікменстан

Иран аумағында уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан барлық қазақстандықтарға жеке қауіпсіздік шараларын барынша күшейту ұсынылады.

Қазақстандықтарға берілген негізгі ұсынымдар:

  • адамдар көп жиналатын орындарға барудан және қоғамдық іс-шараларға қатысудан бас тарту;
  • жергілікті билік органдары мен ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын тұрақты түрде қадағалау;
  • қажетсіз сапарларды шектеу;
  • жеке басын куәландыратын құжаттарды әрдайым өзімен бірге алып жүру;
  • ықтимал төтенше жағдайларға дайын болу;
  • Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болу.

Байланыс нөмірлері

Қазақстанның Ирандағы елшілігі тәулік бойы жұмыс істейтін жедел байланыс желілерін ашты.

Тегерандағы Елшілік:

  • кезекші телефон: +98 21 2256 5933
  • мобильді телефон / WhatsApp: +98 936 208 4672

Горган қаласындағы Бас консулдық:

  • мобильді телефон: +98 912 298 0350
  • жұмыс телефоны: +98 173 252 0443
  • WhatsApp: +7 701 771 34 01

Бендер-Аббас қаласындағы консулдық:

  • мобильді телефон / WhatsApp: +98 930 298 57 03

Елшілік өкілдері қазақстандықтарды аталған байланыс арналары арқылы консулдық көмекке жүгінуге және өздерінің орналасқан жері мен жағдайы туралы хабарлауға шақырды.

"Жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарап, сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз", – делінген хабарламада.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер