Еуропалық Porschist журналының Қазақстан туралы арнайы саны жарыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтар Дубайдан автобуспен жолға шықты: қазақстандықтар елге қалай жеткізіледі?

Қазақстандықтар Дубайдан автобуспен жолға шықты: қазақстандықтар елге қалай жеткізіледі?
фото: pexels.com

Алғашқы автобус колоннасы қазақстандық туристермен Дубай қаласынан Оман сұлтанатына елге эвакуациялау үшін жолға шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бүгін Астана және Алматы қалаларына рейстер тоқтатылғаннан кейінгі алғашқы ұшақтар Дубайдан келіп қонды. Вице-министрдің айтуынша, 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында билет алып, бірақ елге ұша алмаған азаматтар Қазақстанға оралды.

Бақаевтың сөзінше, транзит аймағында билеті жоқ және Біріккен Араб Әмірліктері мен Катар аумағында тұрып жатқан Қазақстан азаматтары екі көрші мемлекет арқылы шығарылатын болады.

«Бүгін Дубайдан азаматтарымыз мінген алғашқы автобус колоннасы жолға шықты. Күн соңына дейін 467 Қазақстан азаматын елге қайтаруды жоспарлап отырмыз. Екінші рейс Катардан Сауд Арабиясы бағытына жасақталуда. Болжам бойынша, бұл Жидда қаласы болады. Адамдарды автобуспен Катардан Эр-Рияд қаласына, одан әрі Жиддаға жеткізіп, қазақстандық әуе компанияларының ұшақтарымен елге қайтарамыз», – деді Бақаев Үкіметтегі брифингте.

4 наурыз күні Жиддадан 343 адамды шығару жоспарланып отыр. Ең алдымен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, 60 жастан асқан азаматтар және белгілі бір аурулары бар адамдар елге жеткізіледі.

Қазіргі уақытта қазақстандықтарды елге қайтару үшін алты әуе кемесі дайындалуда.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев жолаушылар есебін СІМ-нің консулдық қызметі жүргізетінін айтты. Оның мәліметінше, шамамен 5 мыңға жуық жолаушы бар, бұл сан үнемі өзгеріп отырады.

Қазақстан тарапынан Air Astana және SCAT Airlines әуе компанияларының алты ұшағы дайын тұр. Әуе кеңістігі ашылған жағдайда, рейстер дереу жіберіледі.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі