Алғашқы жартыжылдықта экономика 4,1%-ға өсті: Тоқаев Үкіметке жаңа міндеттер жүктеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтар 15 шілдеден бастап Дубайға қайта ұша алады

Қазақстандықтар 15 шілдеден бастап Дубайға қайта ұша алады
Pixabay.com

Air Astana әуе компаниясы 15 шілдеден бастап Дубай бағытына тұрақты рейстерді қайта іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

«Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы – Дубай – Алматы және Астана – Дубай – Астана тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр», – делінген әуе компаниясының ресми хабарламасында.

Сонымен қатар компания аймақтағы ахуалға байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескертті. Мұндай жағдайда жолаушыларға қосымша ақпарат берілетіні айтылды.

Еске салайық, осыдан екі күн бұрын Астанадан Дубайға бағыт алған Air Astana ұшағы діттеген жеріне жете алмай, кері әуежайға оралған болатын. Бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі себеп болған. Осыған байланысты әуе компаниясы Дубай бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатқан еді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі