"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық WBC чемпионы жеңілмеген америкалықты нокауатқа жіберді

Қазақстандық WBC чемпионы жеңілмеген америкалықты нокауатқа жіберді

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ол кәсіпқой рингте екі чемпиондық белбеу жеңіп үлгерген

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен бокс кешінде жекпе-жек өткізіп,америкалық боксшы Исидро Очоаны техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы (6-0, 5 КО) екінші жеңіл салмақтағы америкалық Исидро Очоамен (7-0, 3 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген еді. Бірақ Харсан бесінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал кейін үзілісте америкалықтың бапкері жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Ескендір кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді, ал Очаоа алғаш рет жеңіліп қалды.

Айта кетсек, 22 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі жеті жекпе-жекте екі чемпиондық белбеуді жеңіп үлгерді: 2017 жылы қыркүйекте  екінші жеңіл салмақта WBB титулын иеленсе, өткен жылдың желтоқсанында WBC Intercontinental жастар белбеуін жеңіп алды.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан