ка

Қазақстандық теннисші ITF Futures халықаралық турнирінде жеңіске жетті - Теннис

29.12.2018 17:05
0
30
Қазақстандық теннисші ITF Futures халықаралық турнирінде жеңіске жетті - Теннис

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (жүлде қоры - 25 мың доллар) Гонконгта өткен ITF Futures серисясындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Финалда Евсеев қытайлық Ксин Гаоны 6:4,1:6,6:4 есебімен ұтты. Матч екі сағат екі минут жалғасты.

Мұның алдында қазақстандық Тайландтан келген Вишай Тронгчаронкуланы ұтты - 4:6,7:6(2), 6:4. Турнирдің екінші айналымында Евсеев жапониялық Жампей Ямасакиді 6:3,7:5 есебімен ұтты. Ал турнирдің бастапқы кезеңінде гонконгтік Чагу Ламудан басым болды - 6:1, 2:6, 6:3.

Бұл қазақстандық үшін ITF Futures сериясындағы үшінші турнир.

Айта кетейік, Евсеев қос ойыншылар санатында 2018 жылғы Азия ойындарының жүлдегері және ITF Futuresв турнирлерінің жекелей санатында алтауында жеңіске жеткен.

ITF Futures - Халықаралық теннис федерациясы (ITF) ерлер арасындағ ұйымдастырылатын халықаралық кәсіпқой теннис турнирлерінің циклі. Бұл турнирде жиналатын рейтинг келесі деңгейдегі ATP Challenger, ары қарай АТР турларына жолдама береді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий