"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық танымал актер бір уақытта екі әйелмен некеде болғанын растады

Қазақстандық танымал актер бір уақытта екі әйелмен некеде болғанын растады
Фото: ашық дереккөз

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов подкастқа сұхбатында өміріндегі көпәйелділік тәжірибесін ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Ол бір кезеңде екі әйелмен қатар отбасылы болғанын мойындады: бірінші әйелімен ресми некеде, ал екіншісімен діни «некемен» байланысқан.

Айтуынша, екінші жарымен фильм түсірілімі кезінде танысқан. Ол кезде актер заңды некеде, үш баланың әкесі болған. Екінші рет үйленгеннен кейін ғана бірінші әйеліне бәрін айтқанын жеткізді.

«Болашақта осындай қадамға баруың мүмкін екенін алдын ала ашық айту керек еді. Мен оны жасамадым. Бірінші жарым маған толық сенді, сол үшін өзімді кінәлаймын», — деді ол.

Айдарқұлов депутат Абзал Құспанның көпәйелділікті заңдастыру туралы ұсынысына да пікір білдіріп, мұндай жағдайлар қоғамда онсыз да бар екенін, ал ондай некеде туған балалар кей құқықтардан шеттетілетінін айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.