Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық қыз Камбоджада қонақүйде жұмыс істеймін деп құлдыққа түсіп қала жаздады

Қазақстандық қыз Камбоджада қонақүйде жұмыс істеймін деп құлдыққа түсіп қала жаздады
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық қыз Камбоджа Корольдігіне қонақүй әкімшісі болып жұмысқа орналасу үшін ұшып барған. Алайда шет елге барғаннан кейін бұл ұсыныстың артында басқа нәрсе тұрғанын білген. Оны шетелдіктер еңбек құлдығына салмақ болған.

“Қазақстан ішкі істер министрлігінің Интерполы Камбоджадағы Интерполдың Ұлттық орталық бюросына және Интерпол бас хатшылығының адам саудасына қарсы күрес тобына ресми сұраныстар жолдады. Шетелдік әріптестермен үйлесімді әрекет пен жедел байланыс нәтижесінде қыз дер кезінде құтқарылып, аман-есен елге оралды”, – делінген хабарламада.

Қазір қазақстандықты шетелге жұмысқа орналасуды ұсынып, алдап, заңсыз еңбекке тартуға әрекеттенген адамдарды анықтап жатыр. Олар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.