Қоғамдық пікір: жұрт саяси жүйеге қаншалықты сенім артады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық киберспортшы әлемге әйгілі Неймармен кездесті

Қазақстандық киберспортшы әлемге әйгілі Неймармен кездесті
Фото: instagram.com/danil.molodoy_

Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко бразилиялық футбол жұлдызы Неймар Жуниормен жүздесіп, желідегі оқырмандарын қуантты, деп хабарлайды kznews.kz.

Counter-Strike 2 ойынынан бразилиялық Furia командасында өнер көрсететін отандасымыз Данил Голубенко (Molodoy) әлемге танымал футболшы Неймар Жуниормен кездесті.

Киберспортшы Бразилия ұлттық құрамасының жұлдызымен бірге түскен бірнеше суретін жариялап, еліміз бен бразилиялық жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Оның парақшасындағы бұл жазбаға екі елдің қолданушылары жаппай пікір қалдырған.

Белгілі болғандай, Неймар қазақстандық киберспортшының ойынын бұрыннан қадағалап келеді. Сәуір айында Голубенко өз командасымен бірге IEM Rio ірі турниріне қатысу үшін Бразилияға барған кезде, футболшы оның суретін өз парақшасында бөліскен. Бұл суретте қазақстандық ойыншы футбол жұлдызының аты жазылған жейдемен жүрген. Сонымен қатар өткен жылдың күзінде Неймар отандасымыздың FISSURE PLAYGROUND 2 турниріндегі жеңісінен кейін жазба астына арнайы пікір қалдырып, өзінің құрметін білдірген.

Автор
Абзал Бахытжан

Абзал Бахытжан