Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық каратеші Еуропада чемпион атанды

Қазақстандық каратеші Еуропада чемпион атанды

Словакияда каратэ-до спортынан халықаралық турнирде қызылордалық Әсемгүл Ердәулет чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол осы жарыста 47 келі салмақта сынға түсті. Турнирде қызылордалық спортшы төрт кездесу өткізді. Оның барлығында жеңіске жетті. Әсемгүл жарыс барысында алдымен словакиялық қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті. Жарыстың келесі сатысында хорват қызын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Одан неміс спортшысын 1:0 есебімен жеңп, ақтық сайысқа жолдама алды. Әсемгүл финалда чех қызынан басым түсті. Есеп 2:0. Осылайша ол аталмыш турнирде чемпион атанып, ел мерейін асқақтатып қайтты.


Дереккөз: prosports.kz/kz
Автор
Бауыржан