KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қазақстандық футболшы 25 жасында көз жұмды

KZNEWS

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жас спортшы жілік майы дертіне шалдыққан

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. "Тобыл" клубы мен Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Николай Жуков 26 жасқа қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы қостанайлық команданың ресми сайтында хабарланды.

Қостанайлық клубтың экс-ойыншысы Николай Жуков 25 жасында көз жұмды

Соңғы кездері Николай жілік майы дертімен күресті. 31 тамыз күні кешке футболшының жүрегі тоқтады.

"Николай Жуков бірнеше маусымды "сары-жасылдардың" қосалқы құрамында өткізді. Қазақстанның жастар құрамасында болды. "Тобыл" футбол клубы Николайдың отбасына, жақындары мен достарына қайғырып көңіл айтады", - делінген қазанамада.

Айта кетейік, "Тобылдың" экс-ойыншысына үш жыл бұрын қан қатерлі ісігі деген диагноз қойылған.   


sputniknews.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары