Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық блогердің видеосын Instagram-ның ресми аккаунты жариялады

Қазақстандық блогердің видеосын Instagram-ның ресми аккаунты жариялады

Танымал қазақстандық саяхатшы-блогер Дастан Мұхамедрахимның видеосын Instagram-ның ресми парақшасы жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеоны жариялаған ресми парақша жазбасында Қазақстанның кең даласы туралы жазылған.

"Frolicking in the fields of Kazakhstan (Қазақстанның кең даласында еркін серуендеп жүрмін)".

Instagram-ның ресми парақшасының 696 миллион жазылушысы бар. Бұл – еліміздің әсем табиғатын бүкіл әлем көреді деген сөз. Олардың қатарында Цукерберг пен басқа да танымал тұлғалар бар. Қазақстанның ғажайып табиғаты бейнеленген ролик 37.5 миллионнан астам қаралым жинады.

Айта кетейік, Дастан Мұхамедрахим — Қазақстанның табиғи сұлулығын әлемге танытып жүрген саяхатшы-блогер. Оның парақшасында Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы, Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, сондай-ақ Алматы облысының көрікті жерлерінен түсірілген бейнежазбалар да бар.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары