Еуропалық Porschist журналының Қазақстан туралы арнайы саны жарыққа шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық ауыратлет әлем біріншілігінде жүлдесіз қалды - Спорт

Қазақстандық ауыратлет әлем біріншілігінде жүлдесіз қалды - Спорт

Қазақстандық ауыратлет Рүстем Сыбай Ашхабадта өтіп жатқан әлем біріншілігінде жүлдесіз қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сыбай 11-ші орынды қанағат тұтты. Жұлқа көтеруде қазақстандық спортшы бірінші мүмкіндігінде 165 келіні көтере алмады. Бұл салмақты ол екінші мүмкіндігінде бағындырды. Үшінші кезегінде ол 170 келіні бағындыра алмады. Серппе көтеруде Сыбай 205 келіні бірден көтере алмай, екінші мүмкіндігінде 206 келіні бағындырды. Үшінші мүмкіндікте ол 211 келіні көтерді. Қазақстандық спортшының жалпы нәтижесі - 376 келі болды. 

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан құрамасының қоржынында тек екі жүлде. 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Арли Чонтей күміс медаль иеленді, ал әйелдер арасында 75 келіге дейінгі салмақта Надежда Лихачеваға "қола" медаль бұйырды.

Автор
Бауыржан