Қоғамдық пікір: жұрт саяси жүйеге қаншалықты сенім артады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық әуе компаниясы Таяу Шығысқа рейстерді мамыр айының соңына дейін тоқтатты

Қазақстандық әуе компаниясы Таяу Шығысқа рейстерді мамыр айының соңына дейін тоқтатты
Фото:depositphotos.com/ brokenrecords

Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстерді 31 мамырға дейін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды kznews.kz.

"Орындалмайтын рейстер жолаушыларына әуекомпания әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтаруды немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстеріне тегін қайта брондауды ұсынады. Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы ұшу мерзімі 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған", - делінген Air Astana компаниясы таратқан хабарламада.

Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды.

Әуекомпания өңірдегі жағдайды жіті бақылап, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі