Канье Уэстің концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге табыс әкелді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық әйел Президенттен сыйға алған сағатын сатылымға шығарды

Қазақстандық әйел Президенттен сыйға алған сағатын сатылымға шығарды
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық тазы өсіруші Анна Захарова өзіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған қолсағатты сатуға қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz dalanews.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бұл сағатты оған Президент 2023 жылы Наурыз мерекесі кезінде тарту еткен. Сол кезде Анна Захарова Қасым-Жомарт Тоқаевқа бір жарым айлық тазы күшігін сыйлаған болатын. Президент өз кезегінде оған жеке қолтаңбасы қойылған сағат табыстаған.

Арада үш жыл өткен соң сағат иесі бұл сыйлықпен қоштасуға шешім қабылдаған. Ол бұйымның өзі үшін ерекше естелік әрі мәртебелі сый екенін айтқанымен, оны тағуды жоспарламайтынын жеткізді. Сағатпен бірге сатып алушыға оның түпнұсқалығын растайтын барлық қажетті құжаттар да беріледі.

Қазіргі уақытта сағаттың бағасы 2 899 000 теңге болып белгіленген. Сатушы саудаласуға дайын екенін де атап өткен.

Анна Захарованың пікірінше, бұл зат коллекционерлердің қызығушылығын тудыруы мүмкін. Оның болжамынша, уақыт өте келе сағаттың құны айтарлықтай өсіп, алдағы он жыл ішінде 30 миллион теңгеге дейін жетуі ықтимал.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.