«Сергек» – құрал ғана: «Әділет» партиясы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанды қорлаған шетелдік елден шығарылып, 5 жылға кіруге тыйым салынды

Қазақстанды қорлаған шетелдік елден шығарылып, 5 жылға кіруге тыйым салынды
Фото: Alash.kz

Қазақстан туралы әлеуметтік желіде арандатушылық сипаттағы жазбалар жариялаған шетел азаматына қатысты сот шешімі орындалды. Г.К. есімді азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, кейін Қазақстан аумағынан шығарылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шетелдік азаматша тікелей эфир барысында Қазақстан мен қазақ халқына қатысты әдепке қайшы және арандатушылық сипаттағы пікірлер айтқан. Ол елді өзге мұсылман мемлекеттерімен салыстырып, халықтың зияткерлік деңгейіне қатысты кемсітетін сөздер қолданған.

Әлеуметтік желіде тараған эфир барысында әйелдің айтқандары қоғамның наразылығын туғызған. Оның кейбір пікірлері Қазақстан азаматтарының ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін сипатта болғаны айтылды.

Іс материалдары сотта қаралып, шетелдік азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілген. Нәтижесінде оған әкімшілік шара қолданылып, Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлеп шығару туралы шешім қабылданған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.