Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандағы жаңа қалада шетелдіктерге жер иелену мүмкіндігі беріледі

Қазақстандағы жаңа қалада шетелдіктерге жер иелену мүмкіндігі беріледі
Эскиз :Алматы облысы әкімдігі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Алатау қаласында өнеркәсіптік нысандар мен казино салу үшін, бұрын мемлекеттік қажеттілікке алынған жер учаскелерін иелікке беру мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты., деп хабарлайды kznews.kz.

«Шынымен де мұндай фактілер (Алатау мен Қонаев маңындағы жерлер шетелдіктерге сатылып жатыр деген әлеуметтік желідегі ақпараттар) болды, біз оны көрдік. Бірақ заңнамада шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді иеленуіне, алуы мен пайдалануы толық тыйым салынғанын түсіну керек. Яғни мұнда (ауыл шаруашылығына жатпайтын жерлер бойынша) заң бұзушылық жоқ», – деді ол журналистер сұрағына жауап беріп.

Сонымен қатар басқа санаттағы жерлер қала аумағында өз мақсатына сай пайдаланылуы тиіс, оның ішінде шетел азаматтары да пайдалана алады. Бұл ретте жердің мақсаты қаланың даму жоспары мен бас жоспарға сәйкес болуы қажет.

«Басқа санаттағы жерлер бойынша біздің заңнама мұндай иелік етуге рұқсат береді. Сондықтан Алатау аумағындағы 88 мың гектар жердің ішінде жеке меншікке тиесілі жерлер болса, олар ауыл шаруашылығы жерлері емес, өнеркәсіп және басқа санаттағы жерлер. Заңнамаға сәйкес, жер иелері өз құқықтарын (иелену, пайдалану, басқару) жүзеге асыруда ешқандай шектеуге ұшырамауы тиіс», – деді Сұлтанов.

Егер жер учаскесінің мақсаты қаланың бас жоспарына сәйкес келмесе, мысалы ауыл шаруашылығы жерлері болса, онда оларды басқа инвесторлармен, соның ішінде шетелдік бизнесмендермен бірлесіп игеру ұсынылады.

«Олар инвестициялық жобаларды іске асыруы тиіс», – деді вице-министр. Сондай-ақ мемлекет жерді мемлекеттік қажеттілік үшін алған жағдайда оның құнын өтеп беретінін атап өтті.

Азат Сұлтановтың айтуынша, Алатауда өнеркәсіп, казино және басқа да нысандар салуға арналған жерлерді шетелдіктер де иелене алады.

«Дәл солай» деп жауап берген ол ешкім олардың бұл құқықтарын шектей алмайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, жер мемлекеттік қажеттілік үшін алынғаннан кейін оның мақсаты өзгеріп, қайтадан айналымға енгізілуі мүмкін.

«Жер мемлекеттік қажеттілік үшін алынғанда, ол автоматты түрде Алатау қаласының жер қорына өтеді, сәйкесінше оның санаты өзгереді. Қазіргі таңда Алатау қаласының шекаралары бекітілгендіктен, жерлердің мақсатты санаты елді мекен жерлері және басқа санаттарға ауысады. Яғни ауыл шаруашылығы жерлері ретінде қалмайды. Сондықтан олар кейін басқа санатта шетел азаматтарына да берілуі мүмкін», – деді ол.

Ал вице-премьер Қанат Бозымбаев жер учаскелеріне қатысты барлық қатынастар келісімшарттар негізінде жүргізілетінін айтты.

«Егер ол бес жұлдызды қонақүй салғысы келсе, онда мерзім, инвестиция көлемі, жұмыс күші, сапа талаптары көрсетіледі. Егер ол белгіленген мерзімде құрылыс салмаса, жер қайтарылады, бизнес лицензиясы тоқтатылады немесе алдымен айыппұл салынып, кейін қайтарып алынады», – деді ол.

Оның айтуынша, жер ешқашан жергілікті немесе шетелдік инвесторларға алыпсатарлық мақсатта берілмейді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі