Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандағы пойыздарға Илон Масктің интернеті енгізілуде

Қазақстандағы пойыздарға Илон Масктің интернеті енгізілуде
Фото: ашықдереккөз

«Қазақстан темір жолы» компаниясындағы брифинг барысында Ахметжановтың айтуынша, алғашқы сынақ Burabay Express пойызында өтті және жақсы нәтиже көрсеткен.

«Starlink жақында ғана нарыққа шықты, біз оны іске қостық. Енді тағы екі стандартты пойызға орнатуды жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін, шамамен қазан айында Ақтөбе – Алматы және Қызылорда – Семей бағыттарында жүйені пилоттық режимде сынаймыз. Байланыс сапасы жаман емес, бірақ еліміздің аумағы үлкен болғандықтан, басқа өңірлерде қалай жұмыс істейтінін тексеруіміз қажет. Технологиялық тұрғыдан Talgo пойыздарын интернетпен қамту оңайырақ, сондықтан экономикалық тұрғыдан тиімді болса, қолдағы 25 Talgo құрамына да орнату жоспарда бар», – деді ол.

Ал стандартты пойыздарда бұл қызметтің тиімділігін алдымен пилоттық режимде байқап көру көзделген. Жоба сәтті жүзеге асса, оны кеңейту жоспары бар.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.