Әрбір екінші адам: ел тұрғындарының 51,2 пайызы несиеге өмір сүреді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандағы ең жас миллионерлер кімдер?

Қазақстандағы ең жас миллионерлер кімдер?
Фото: kursiv.media

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жастар санатына 18 бен 44 жас аралығын жатқызады. 2026 жылы Forbes Kazakhstan рейтингіндегі ең бай 75 бизнесменнің ішінде осы жас шегіне сай келетін сегіз миллионер (және бір миллиардер) бар, деп хабарлайды kznews.kz Forbes Kazakhstan-ғап сілтеме жасап.

Олардың ішінде үшеуі жас шегінің ең жоғарғы шегіне жақындаған - 44 жаста, біреуі 42 жаста, екеуі 41 жаста, біреуі 38 жаста, және ең жасы 35 жаста.

Төменде олардың кім екені және қандай бизнестен табыс табатыны берілген.

Ғалымжан Есенов

44 жаста, $564 млн (19-орын)

Бұрынғы Alatau City Bank иесі және агробизнесмен.

Негізгі табыс көздері:

банк және телеком активтері (соның ішінде «Кселл» үлесі және «Транстелеком»)

ауыл шаруашылығы: «Алель Агро» құс шаруашылығы

алма бағы мен шырын өндірісі (Amalbio)

соя өңдеу және мал азығы өндірісі («Уыз Май Индастри»)

білім беру (Tamos Education үлесі)

Айжан Есім

44 жаста, $207 млн (47-орын)

«Қазфосфаттағы» үлесті сату арқылы байыған кәсіпкер.

Негізгі табыс көздері:

бұрынғы химия өнеркәсібі активтері («Қазфосфат»)

фитнес бизнес (KRIDA)

нан-тоқаш өндірісі (Алматы және Петропавл комбинаттары)

Алмаз Әлсенов

44 жаста, $204 млн (48-орын)

Агро және халықаралық сауда саласының өкілі.

Негізгі табыс көздері:

Harvest Group (Швейцария) — агротрейдинг және логистика

экспорттық қаржыландыру және сауда

Қазақстандағы агрожобалар (соя, жүгері, техникалық кендір)

Кения мен Африкадағы логистикалық хабтар

Айғазы Құсаинов

42 жаста, $132 млн (64-орын)

Білім, тау-кен және құрылыс салаларын біріктірген кәсіпкер.

Негізгі табыс көздері:

білім беру холдингі (ҚазГАСА, КАУ, мектептер)

мыс өндіру және өңдеу

Verum Group (құрылыс және инфрақұрылым)

агробизнес

Нұралы Әлиев

41 жаста, $280 млн (41-орын)

Ірі холдингтер мен қонақүй бизнесінің иесі.

Негізгі табыс көздері:

Capital Holding және Darmen Holding

қонақүй бизнесі (Дубай, Алматы)

мейрамхана жобалары

бұрынғы телеком активтері («Транстелеком»)

Асұар Байтасов

41 жаста, $112 млн (68-орын)

Ресторан бизнесіндегі кәсіпкер.

Негізгі табыс көздері:

ABR мейрамханалар желісі (50+ мейрамхана)

ABR Tech (abr+ қосымшасы)

ресторан бизнесіндегі инвестициялар мен үлес сату

Тимур Турлов

38 жаста, $5,2 млрд (6-орын)

Тізімдегі ең бай кәсіпкер.

Негізгі табыс көздері:

Freedom Holding Corp. (70% үлес)

банк, инвестиция, сақтандыру

финтех және онлайн сервистер (Freedom Travel, Arbuz.kz, Ticketon)

телеком, медиа, спорт және инфрақұрылым активтері

Шахмұрат Мүтәліп

35 жаста, $482 млн (22-орын)

Ең жас миллиардерлердің бірі, құрылыс саласынан шыққан.

Негізгі табыс көздері:

Integra Construction KZ (ірі құрылыс компаниясы)

порттар, зауыттар, логистика жобалары

теміржол, жол және инфрақұрылым құрылысы

алтын және тау-кен саласына кеңею (Алтыналмас, ERG, Қазцинк жобалары)

Бұл тізімдегі жастардың көбі  әртүрлі салаларды біріктірген холдинг иелері

Негізгі бағыттары:

қаржы және инвестиция

агробизнес

құрылыс және инфрақұрылым

білім беру және қызмет көрсету

Ең байы — Тимур Турлов ($5,2 млрд)
Ең жасы — Шахмурат Мүтәліп (35 жас)

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі