Абай облысына 4,4 трлн теңге инвестиция тартылмақ: Тоқаев Берік Уәлиге нақты тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда жыныстық сипаттағы қылмыстарды әйел мамандар тергейді

Қазақстанда жыныстық сипаттағы қылмыстарды әйел мамандар тергейді
Фото: Shutterstock

Қазақстанда жыныстық сипаттағы қылмыстық істерді тергеу жұмыстары әйел мамандарға жүктеледі. Бұл туралы Мәжілісте өткен «Сталкинг пен некеге мәжбүрлеудің алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, бұл тәсіл зорлық-зомбылық құрбандарының психологиялық жүктемесін азайтып, тергеу процесін барынша қолайлы етуге бағытталған.

Сондай-ақ вице-министр Қылмыстық кодекске енгізілген «некеге тұруға мәжбүрлеу» бабына түсініктеме берді. Заң бойынша мұндай қылмыстың құрбаны ретінде әйелдермен қатар ер азаматтар да танылуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғау үшін күш қолдану, қорқыту немесе қысым көрсету фактілері дәлелденуі қажет. Ал мұндай белгілер болмаған жағдайда іс азаматтық-құқықтық тәртіппен қаралады.

Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлігі сталкингке қатысты жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отыр. Ведомствоның мәліметінше, кейбір азаматтар жазасын өтегеннен кейін де жәбірленушілерді аңдуын және мазалауын жалғастырған. Осыған байланысты заңнамаға «жүйелі түрде қайталау» ұғымын енгізу көзделген. Тиісті түзетулер қазір Мәжіліс қарауында жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.