Қазақстанда жүргізушілерді жол жүруге рұқсар беру талаптары күшейтіледі. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева кімдерге көлік жүргізуге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Мәжілісте жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді оқыту туралы заң жобасы қаралып жатыр. Талқылау барысында депутат Екатерина Смышляева медициналық деректер ІІМ базаларымен біріктірілетінін айтты.
Енді жүргізушілер автоматты түрде тексеріліп, медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардың рөлге отыру жағдайларының алдын алу көзделіп отыр.
Сондай-ақ, медициналық анықтамаларды қолдан жасау мүмкіндігі жойылады.
"Бүгін қоғамда қауіпсіздікке деген тұрақты сұраныс бар. Жолда да аулада да цифрлық ортада да әр адам өзін қауіпсіз сезінгісі келеді. Заң жобасы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Ол үшін жүргізушілерді даярлау жүйесін жетілдіру, салаға заманауи цифрлық құралдарды енгізу және цифрлық ортада адамның қауіпсіздігін күшейту көзделіп отыр", - деді ол.