БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін дипломның орнына біліктілік сертификатын қолдануға рұқсат берілуі мүмкін

Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін дипломның орнына біліктілік сертификатын қолдануға рұқсат берілуі мүмкін
Фото: leaderg.ru

Қазақстанда жаңа заң жобасы қаралып жатыр. Оған сәйкес, кейбір мамандықтарға жұмысқа орналасу үшін тек диплом ғана емес, кәсіби біліктілікті растайтын сертификат та жеткілікті болуы мүмкін. Яғни, азамат арнайы оқу орнын тәмамдамаса да, өз саласын меңгергенін ресми құжат арқылы дәлелдей алады, деп хабарлайды kznews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаевнің айтуынша, заң жобасы аясында жұмысқа қабылдау кезінде кәсіби біліктілікті растайтын сертификаттарды қолдануға рұқсат беру ұсынылып отыр.

«Біз дипломның маңызын жоққа шығармаймыз. Ал кәсіби біліктілікті тану туралы сертификат қосымша мүмкіндік ретінде қарастырылады. Мысалы, егер адамның дипломы болмаса, ол өз кәсіби деңгейін арнайы құжат арқылы дәлелдей алады. Осындай жағдайларда сертификат негізге алынады», – деді Ербол Тұяқбаев.

Бұл норма қызмет көрсету саласына, қонақүй бизнесіне, шаштараз қызметіне және басқа да бірқатар кәсіп түрлеріне қатысты болмақ. Сонымен қатар құжатта жұмыс берушілердің колледждердегі білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы да қарастырылған.

Заң жобасында тағы бір маңызды мәселе көтерілген. Атап айтқанда, Қазақстанда еңбек күші артық өңірлерден кадр тапшы аймақтарға қоныс аудару тәртібі нақты айқындалмақ. Бұдан бөлек, мемлекет азаматтардың өз еркімен басқа өңірге көшуіне қолдау көрсетуді де жоспарлап отыр.

Жергілікті атқарушы органдарды Ұлттық біліктілік жүйесінің қатысушылары қатарына енгізу жоспарланып отыр. Ал аккредитация органдарының өкілдерін жұмысшылардың өкілдері алмастырады.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің барлық комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытынды берді», – делінген құжатта.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі