KZNews.kz
Қоғам

Қазақстанда жүргізушілерге жаңа айыппұл түрі енгізілді

Азамат Қойшығара
GOV.KZ

Қазақстанда жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға қатысты жауапкершілік күшейтілді. Енді жүргізушілер орташа жылдамдықтан асып кеткені үшін де айыппұл төлейді.

ІІМ жаңа әкімшілік бап енгізгенін хабарлады. Орташа жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан артық асырғандарға 40 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 157 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, орташа жылдамдықты автоматты түрде бақылайтын жүйелер қазірдің өзінде бірқатар жолдарда жұмыс істейді. Соңғы айларда осындай жүйелер арқылы 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталған.

Орташа жылдамдық көліктің екі камера аралығындағы жүріс уақытымен есептеледі. Егер жүргізуші бұл аралықты белгіленген уақыттан ертерек өтсе, жүйе жылдамдық асырылғанын тіркейді.

Сонымен қатар, қарсы жолаққа шығу ережесін бұзғандарға жаза күшейтілді. Егер мұндай әрекет жол-көлік апатына әкелсе, жүргізуші 9 айға дейін куәлігінен айырылады.

ІІМ өкілдері бұл шаралар жол қозғалысы мәдениетін арттырып, апат санын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →