ка

Қазақстанда жоғарғы сыныптағылар мен студенттер жаңа жылдан бастап партаға отырады

21.12.2020 16:48
0
3
Коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі мекемеаралық комиссия білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен мектеп оқушылары мен студенттерді оқу орнына қайтару жөнінде шешім шығарды.
Шешімге сәйкес, III-тоқсаннан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, (9, 11, 12-сынып оқушылары) оқушылар аралас оқуға (пәндерді 70 проценті дәстүрлі форматта, 30 проценті қашықтан) көшеді. III-тоқсаннан бастап білімдерін жетілдіру үшін сабақтан тыс кезде, бес адамнан артық емес топтарға жеке дәріс жүргізуге рұқсат етіледі. Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері II-тоқсаннан бастап аралас оқу жүйесіне көшеді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тәулігіне 0,4 процентке өскен. Қазақстанның бес аймағы - Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары вирус жұқтыру қаупі зор аймақтарға жатады. Комиссия қаңтар-ақпан айларында ОРВИ мен тұмау көбею науқаны кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырушылар да артуы мүмкін деп қауіптенеді. Осыған байланысты 25 желтоқсаннан 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жаңа жылдық мерекелік шаралар ұйымдастыруға тыйым салынды. Әкімдерге вакцина егу орындарын дайындауға шақырды.
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий