Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда ЖИ министр бола ала ма?

Қазақстанда ЖИ министр бола ала ма?
Фото: Евгений Павленко, Коммерсантъ

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңнама жасанды интеллектіні министрлер кабинеті мүшесі ретінде бекітуге мүмкіндік бермейді.

«Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып Жасанды интеллект министрлігін құрды. Алайда заң бойынша министр немесе вице-министр лауазымына тек жеке тұлға ғана тағайындала алады. Сондықтан әзірге жасанды интеллектіні үкімет мүшесі ету жоспарда жоқ», – деді Мұсалиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол бұл бағыттағы бастамалар әзірге тәжірибелік деңгейде ғана қарастырылып жатқанын, заңнамалық тұрғыдан нақты тетіктер қаралмағанын да атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Албанияда әлемдегі алғашқы жасанды интеллект министрі тағайындалғаны туралы ақпарат тараған еді. Сарапшылар бұл шешімді жаһандық технологиялық басқарудағы жаңа кезеңнің бастауы деп бағалаған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.