Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда жарықтың жаппай өшу хронологиясы: оқиға Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда да тіркелді

Қазақстанда жарықтың жаппай өшу хронологиясы: оқиға Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда да тіркелді
Фото © Unsplash

«KEGOC» АҚ Қазақстандағы жаппай жарықтың өшуіне қатысты оқиғаның хронологиясын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

14 тамызда сағат 14:37-де Қырғызстандағы Тоқтоғұл ГЭС-інде екі гидрогенератор ажыратылған. Соның салдарынан Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі (БЭЖ) Солтүстік–Шығыс–Оңтүстік транзитіне шамадан тыс жүктеме түскен.

Нәтижесінде Қазақстанның Оңтүстік аймағы елдің БЭЖ-інен және Орталық Азияның біртұтас электр энергетикалық жүйесінен — Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан энергетикалық жүйелерінен ажыраған.

Осының салдарынан Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында тұтынушылар электр қуатынсыз қалды. Сонымен қатар Қазақстан БЭЖ-інің Солтүстік аймағындағы Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарында да электр энергиясы өшті.

«KEGOC» мәліметінше, сағат 14:47-де Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы толық қалпына келтірілді.

16:26-да Алматы және Жетісу облыстарында, ал 16:34-те Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында электр энергиясы толық берілді.

«Технологиялық бұзылудың себептері арнайы комиссиямен тексеріледі», – делінген «KEGOC» мәлімдемесінде.

Жаппай электр жарығының өшуі Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда да тіркелді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі