KZNews.kz
Жаңалықтар

Қазақстанда Жаңа жылда күн 15 градусқа дейін жылынады

Жарқын Омаров
Фото:depositphotos.com

Қазақстанда Жаңа жылда күн жылынады, деп хабарлайды kznews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басады, соған байланысты қар, боран күтіледі. 30–31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында жауын-шашын жаңбыр түрінде басталып, кейін қарға ауысады, ал ҚР оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанады. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің екпіні күшейеді.

"30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, 30–31 желтоқсанда шығыс өңірлерде ауа температурасы күндіз 2° аяздан 3° жылуға дейін көтеріледі деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15° жылуға жетеді", - делінген хабарламада.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →