Азат Перуашев "Ақ жолдан" кетті...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда жаңа ресми қарым-қатынас тілі пайда болуы мүмкін бе?

Қазақстанда жаңа ресми қарым-қатынас тілі пайда болуы мүмкін бе?
shutterstock.com

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова мен оның партияластарының сауалына жауап берді. Бұған дейін олар Қазақстанда ым-ишара тілін ресми қарым-қатынас тілі ретінде тануды сұраған еді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жауапта көрсетілгендей, үкімет ым-ишара тілін дамыту және оны заңнамалық деңгейде тану мәселесіне қатысты депутаттық сауалды қараған. Қазақстанның шетелдегі мекемелерін тарта отырып, әлем елдерінде ым-ишара тілдерін ресми түрде тану бойынша халықаралық тәжірибе зерделенген.

"Бірқатар елдерде, атап айтқанда Германия, Ресей, АҚШ, БАӘ, Қытай, Түркия және басқа мемлекеттерде бұл норма мүгедектігі бар адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты қарастырылады. Кейбір елдерде, соның ішінде Болгария, Жапония, Испания, Корея, Словакия және басқа мемлекеттерде ым-ишара тілін дамытуға бағытталған жеке нормативтік-құқықтық актілер қабылданған. Ал Португалия, Хорватия, Швеция, Эстония және басқа елдерде бұл мәселе салалық нормативтік-құқықтық актілер арқылы реттеледі", – делінген жауапта.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдар үшін әлеуметтік қорғау шаралары, әлеуметтік оңалту, арнаулы әлеуметтік қызметтер, сурдоаударма қызметі, инклюзивті білім беру және қолжетімділікті қамтамасыз ету тетіктері қарастырылған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер