Қазақстанда мемлекеттік наградалар тізімі жаңа марапаттармен толықтырылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді.
Оның айтуынша, мәдениет пен өнер ұлттық бірегейліктің маңызды тіректерінің бірі саналады. Осыған байланысты жаңа Конституцияда ұлттық мәдениетті қолдау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген.
"Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне “Шәмші Қалдаяқов” медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады", – деп жазды Айбек Смадияр.
Жаңа марапаттар музыка, бейнелеу өнері және жалпы ұлттық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталмақ.