Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда үй салығы 50%-ға өсуі мүмкін

Қазақстанда үй салығы 50%-ға өсуі мүмкін
Фото: depositphotos.com

2026 жылы Қазақстанда мүлік салығын есептеу тәртібі өзгерді. Енді ол жылжымайтын мүлік пен жер телімі үшін төлемдерді біріктіреді, деп хабарлайды kznews.kz Digital Business-ке сілтеме жасап.

Маңызды жаңалықтардың бірі  – ол «сән-салтанат коэффициентінің» ресми енгізілуі. Енді жергілікті өкілді органдар нысан жоғары жайлылық санатына жатқызылса, салық сомасын 50%-ға дейін арттыра алады.

Мысал ретінде 1987 жылы салынған үйдің үшінші қабатында орналасқан, ауданы 47 шаршы метр пәтердің есебі келтірілген. Негізгі құн ретінде әр шаршы метрге 60 000 теңге алынып, жалпысы 2 820 000 теңгені құрайды. Одан кейін 39 жылдағы физикалық тозу ескеріліп, коэффициент 0,61 болады.

Келесі кезеңде қосымша көрсеткіштер есепке алынады: қабат саны, үйдің түрі және коммуникациялардың болуы (бұл жағдайда коэффициенттер 1-ге тең), сондай-ақ аймақтық коэффициент – Алматының таңдалған ауданы үшін ол 1,46. Сән-салтанат коэффициенті бұл есепте 1 деп алынған. Сонымен қатар 2025 пен 2026 жылдар арасындағы АЕК өзгерісі (1,09) ескеріледі. Нәтижесінде салық салуға арналған бағалау құны шамамен 2 735 000 теңге болады.

Бұл сома 2 миллион теңгеден асқандықтан, прогрессивті мөлшерлеме қолданылады: 2 млн теңгеге дейін – 0,05%, ал қалған бөлігіне – 0,08%. Соның нәтижесінде мұндай пәтерге шамамен 1 588 теңге салық есептеледі.

Ұқсас тәсіл жер салығын есептегенде де қолданылады. Әр шаршы метрдің базалық мөлшерлемесі, жердің орналасуы және мақсаты ескеріледі.

Сонымен қатар заңда салық төлеуден босатылатын азаматтар санаты қарастырылған. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мемлекеттік наградалар иегерлері, Кеңес Одағы мен Социалистік Еңбек Ерлері, 18 жасқа дейінгі жетім балалар, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың бірі бар.

2026 жылы қазақстандықтар 2025 жыл үшін салық төлейді. Есептеулерді салық органдары 1 шілдеге дейін жүргізіп, хабарламалар банктердің қосымшаларындағы жеке кабинеттерге және eGov порталына жіберіледі.

Салықты төлеудің соңғы мерзімі – 2026 жылғы 1 қазан. Уақытында төленбеген жағдайда өсімпұл есептеледі, ал берешек көп болса, шетелге шығуға шектеу қойылуы мүмкін. Заңды тұлғалар жеке тұлғалардан айырмашылығы – декларацияны өздері тапсырып, салықты өздері есептейді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер